Астанада жұмыс берушілер күні өтті

15 Қараша 2022, 12:42
1381
Бөлісу:
Астанада жұмыс берушілер күні өтті
Фото: автордан

Еліміз бойынша 700-ден астам колледж алғаш рет жұмыс берушілер күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Іс-шараға ірі компаниялардың, шағын және орта бизнестің 4 мыңнан астам өкіл қатысты.

Осыған дейін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс берушілермен 600-ден астам меморандум мен 500-ден астам ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Өңірлердегі колледждер «Энергожүйе» ЖШС, «Жарық» Ақтөбе механикаландырылған электр желілері кәсіпорны, «LTD» ЖШС, «Қазақ ұны» ЖШС, «Межрегионэнерготразит» ЖШС, «Астықжан КТ» ЖШС, «ПФ BEST» ЖШС, «Гидросталь» ЖШС және басқа да кәсіпорындармен меморандум жасасты.

Бүгінде 500-ден астам ТжКБ ұйымы дуалды оқытуды енгізді және жұмыс берушілер де мамандарды даярлауға белсенді атсалысып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың арқасында студенттер теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын жұмыс орнында тікелей үйренеді. Яғни кәсіпорындар өз қызметкерлерін оқытуға және үздік студенттерді жұмысқа алуға мүмкіндік алып отыр. Ал студенттер бірте-бірте мамандыққа түсіп, еңбекке қажетті машықтарды меңгереді. Биылғы оқу жылында нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында кәсіпорындардың сұранысы бойынша 10 мыңнан астам адам колледждерге қабылданғанын атап өткім келеді, - деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының м.а. Ернат Жүнісов.

Сондай-ақ жұмыс берушілер күні аясында облыс кәсіпорындары студенттерге экскурсиялар өткізіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырылғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы