Астанада жүк көлігі өртеніп, тағы екі көлік зақымданды

Рақымов көшесінде жүк көлігі аяқ астынан отқа оранды. Жалын маңындағы көліктерге де жеткен. Өрттің неден шыққаны әзірге нақтылануда.

9 Қыркүйек 2026, 13:29
АВТОР
 әлеуметтік желіден алынған кадр 9 Қыркүйек 2026, 13:29
9 Қыркүйек 2026, 13:29
122
Фото: әлеуметтік желіден алынған кадр

Астанада жүк көлігінен өрт шықты. Жалынның жоғары температура әсерінен маңында тұрған тағы екі автокөлік те зақымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 10:46-да «Байқоңыр» ауданындағы генерал С. Рақымов көшесінде болған. Өрт туралы хабарлама «112» пультіне түскен.

Не болды?

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде жүк көлігі ашық жалынмен жанып жатқан.

Жоғары температураның әсерінен көліктің маңында тұрған тағы екі автокөлік зақымданған.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды толық сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Көлік не себепті өртенді?

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Өрттің нақты себебін анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу тағайындалды.

Бұған дейін Алматыда адамдар тұрып жатқан екі қабатты ғимарат өртке оранды.

Наверх