Астанада жоғары білім беру кеңістігінің бюросы құрылады

6 Қазан 2022, 14:34
855
Бөлісу:
Астанада жоғары білім беру кеңістігінің бюросы құрылады

Бұл туралы Болон процесінің бақылау тобы (BFUG) өкілдерінің қатысуымен  өткен Орталық Азия жоғары оқу орындары ректорларының конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бюро құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері кіре отырып, тепе-теңдік шарттарында әрекет етеді. Бюроның негізгі миссиясы – аймақтағы Болон реформаларын ілгерілету арқылы Орталық Азия елдеріндегі жоғары білімнің тартымдылығын арттыру.

Жаңа орган Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында орналасатын болады.

Аида БАТЫРБЕКҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы