Астанада жеті ресейлік фильм көрерменге тегін ұсынылмақ

Бағдарлама аясында шығармашылық кездесулер мен шеберлік сабақтары өтеді.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі Кеше 2026, 22:41
Кеше 2026, 22:41
115
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі өз жұмысын бастады. Іс-шара 26 сәуірге дейін жалғасып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фестивальдің ашылуында «РОСКИНО» бас директоры Эльза Антонова Ресей Мәдениет министрі Ольга Любимованың құттықтау хатын оқып, жобаның мәдени алмасуды дамытудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы фестиваль заманауи ресейлік киноны кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.

«Қазақфильм» өкілі Айдар Омаров мұндай бастамалар екі елдің мәдени байланысын күшейтіп, ұлттық кино саласының дамуына серпін беретінін айтты.

Ашылу фильмi ретінде «Первый на Олимпе» спорт драмасы көрсетілді. Фестиваль барысында көрермендерге әртүрлі жанрдағы жеті ресейлік фильм тегін ұсынылады, олардың қатарында «Авиатор», «Буратино», «Чебурашка 2» және басқа да туындылар бар.

Бағдарлама аясында шығармашылық кездесулер мен шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ ресейлік актерлердің қатысуымен көрермендермен кездесулер жоспарланған.

Наверх