Астанада жеңіл автокөлік өртенді

16 Наурыз 2024, 03:21
446
Бөлісу:
Астанада жеңіл автокөлік өртенді
Фото: Арман Мухатов -архив

15 наурызда Астана қаласы Байқоңыр ауданында өрт сөндірушілер жеңіл автокөліктің ыстық бөліктеріндегі өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жеке құрамнан 5 адам және ТЖД 1 автоцистернасы жұмылдырылған.

Осылайша, көліктен шыққан өрт сөндірілді.

ТЖМ естеріңізге салады:

  • Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақындап тоқтау керек.
  • Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек.
  • Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарды алып, өрт туралы 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.
Өзгелердің жаңалығы