Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold турнирі өтеді

7 Желтоқсан 2023, 19:05
527
Бөлісу:
Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold турнирі өтеді
Фото: Артём Чурсинов - Архив

2024 жылдың 27 қаңтарында Астанада жеңіл атлетикаданьWorld Indoor Tour Gold турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Алтын деңгейлі тур әлемнің жеті қаласында өтеді. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпан күні Мадридте анықталмақ.

Астанадағы турнирде үздік атанған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

Айта кетелік, аталған халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем және Олимпиада чемпионы Арманд Дуплантис те қатысады.

Өзгелердің жаңалығы