Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

3 Маусым 2024, 03:46
3170
Бөлісу:
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды
VIDEO
Фото: архив

Астанада шақырту орнына келген фельдшерге пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Оқиға өткен түнде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отбасылық жанжал кезінде зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметкерлері келген кезде ер адам мас болған және медицина қызметкерлерін балағаттаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісі фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жапқан. Кейін іште оны пышақпен қорқытқан.

Медицина қызметкерлері 102 шақырған. Полицейлер агрессорды дереу ұстап, полиция басқармасына жеткізген. Пышақ тәркіленіп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы тұрғын мас күйінде болған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

 

Өзгелердің жаңалығы