Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары шеберлік сыныптарын өткізді

4 Ақпан 2024, 12:32
981
Бөлісу:
Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары шеберлік сыныптарын өткізді
Фото: gov.kz

Астанада балаларға арналған «Көңілді старт» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орталық саябақта өткен спорттық іс-шараны Нұра ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

Бүгінгі іс- шараның мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану. Мұнда Үркер шағын ауданының балалары қатысып жатыр. Мұз айдынында барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Балалардың мұз айдынында коньки тебуі үшін барлық жағдай жасалған, – деді аудан әкімі аппаратының инспекторы Жарқын Айтжанов.

Мұнда 7 мен 10 жас аралығындағы балалар мұз айдынында коньки тебуді үйренді. Оларға Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары шеберлік сыныптарын өткізді.

«Барыс-2008» хоккей клубының ойыншылары 10 жылдан астам спорттың осы түрімен айналысады. Бүгін олар мектеп жасындағы балаларға коньки тебудің әдістерін көрсетті. Мұнда жиналғандар әуелі денелерін шынықтырды. Кез келген адам мұзда коньки тебуді үйрене алады. Бастысы жақсы коньки мен қызығушылық болуы керек, –деді «Барыс-2008» бас жаттықтырушысы Рамазан Қайдаров.

Сайыс соңында барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы