Жаңа тұрғын үйлердің 1-қабатында әлеуметтік нысандар ашылады

10 Наурыз 2021, 21:23
1350
Бөлісу:
Жаңа тұрғын үйлердің 1-қабатында әлеуметтік нысандар ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен танысқанын хабарлады.

Жаңа тұрғын үйлердің 1-қабатында әлеуметтік нысандар ашылады
Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылып жатыр. Сонымен бірге тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін үй жанындағы дәрігер нысандарын ашамыз. Оған қоса ауданды шамадан тыс жүктемеу үшін жоба бойынша паркинг құрылысы жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Оның айтуынша, елорда аудандарын Нұр-Сұлтан-жайлы қала мастер - жоспарының тұжырымдамасы аясында, орталықтандыру қағидаты бойынша дамыту жоспарда бар.

Жаңа тұрғын үйлердің 1-қабатында әлеуметтік нысандар ашылады

Бұл дегеніміз - барлық қажетті әлеуметтік нысан мен демалыс орнының жақын жерде орналасуы. Үйдің сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырдым. Құрылыс аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыруға кірісеміз, - деп атап өтті ол.

Жаңа тұрғын үйлердің 1-қабатында әлеуметтік нысандар ашылады

Көлгінов қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатқанын айтты.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, - деп жазды қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы