Астанада жаңа маршрут іске қосылады

3 Қараша 2023, 20:30
698
Бөлісу:
Астанада жаңа маршрут іске қосылады

4 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында «Үркер» тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қатынасымен жаңа №66 бағыт іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ, Үркер ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ Үркер тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады.

Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы №№ 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Өзгелердің жаңалығы