Астанада жаңа әуежай қашан салынады?

Қазір ол процесс басталған және жалғасып жатыр.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 11:51
Бүгiн 2026, 11:51
93
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанның Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астанада жаңа әуежай салу жобасы пысықтау кезеңінде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қала әкімдігінің жетекшілігімен жұмыс тобы құрылған, оның құрамына барлық құзырлы органдар кірген.

Бұл мәселені жүзеге асырудың алдында өте мұқият әрі жан-жақты дайындық қажет екені түсінікті, өйткені онда көптеген параметр бар. Қазір процесс басталды және жалғасып жатыр. Барлық техникалық мамандар мен сарапшылар түрлі нұсқаларды зерттеп жатыр, – деді ол Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Вице-министр жаңа әуежай барлық заманауи талаптар мен стандарттарға сай келетін ірі авиациялық хабқа айналатынын растады.

Еске салайық, бұған дейін вице-министр Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға қанша қаржы жұмсалғанына  қатысты айтқан болатын.

Сондай-ақ, домбыраны ұшақта алып жүруге қатысты пікір білдірді. 

Наверх