Астанада жалған пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды

10 Қараша 2023, 01:17
869
Бөлісу:
Астанада жалған пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды

Елордада пәтер жалдап, «брондауға» тапсырыс берген екі азамат полицияға хабарласып, белгісіз әйелге әрқайсысы 12 мың теңгеден беріп, алданып қалғандарын айтып, арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы ауданық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жылжымайтын мүлік бойынша алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 35 жастағы әйелді анықтаған.

Қазіргі уақытта оның екі алаяқтыққа қатысы бар екені белгілі болды. Бірақ алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам бар. Анықталғандай аталған күдікті Астанадағы танымал жылжымайтын мүлік сайтында жалға берілетін баспана туралы жалған хабарландырулар жарияланған. Онда жалдау бағасын төмендетіп көрсетіп, интерьердің түрлі-түсті фотосуреттерін қойып, қызықтырумен адамдарды алдауына алған. Сөйлесу барысында әлеуетті жалға алушылармен үзіліссіз телефон арқылы хабарласып, барынша әр түрлі әдіспен ақшаларын жымқырудың жолын іздеген. Сөйтіп алдын ала жасалған төлемдерді «Каспи банк» қосымшасы арқылы онлайн аударыммен алып отырған.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір қалған зардап шеккендердің кім екені анықталуда.
Полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға ақша аудармауды немесе бермеуді, күмәнді ұсыныстарға сенбеуді ескертіп, ақша аудару кезінде өте сақ болуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы