Астанада жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне өртке қарсы датчик орнатылды

24 Желтоқсан 2023, 09:10
452
Бөлісу:
Астанада жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне өртке қарсы датчик орнатылды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» атты қайырылымдылық іс-шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Басты мақсат – қала тұрғындары үшін игі іс жасау. Өз кезегінде, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органмен бірлесіп қаланың әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларды қолдау үшін жылыту пештерін өрт қауіпсіздігі талаптарына келтіру, электр сымдарының ақаулығын жарамды күйге келтіру, улы газды анықтайтын датчиктерді қондыру бойынша көмек көрсетіп, сонымен қатар, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Өрт қауіпсіздігі шаралары аясында жылыту пештеріне тексерілу жүргізіліп, кейбіріне жөндеу жүргізілді.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын назардан тыс қалдырмау қажет.
Сондай-ақ, тұрғын үйді өртке қарсы жағдаймен қамтамасыз ету.

- электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша төселген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз, жылыту үшін қолдан жасалған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;
- пештерді қыздырмаңыз, жанғыш материалдарды, кірлерді пеште кептірмеңіз;
- үш айда бір реттен кем емес жылыту маусымы ішінде түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден тазартуға;
- балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.

Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай. Өрт туындаған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Айта кетейік, жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында биыл 15 тамыздан бастап тұрғын үйлерді аралау, түсіндіру, халыққа ұсынымдар тапсыру жолымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп келеді. Басты назар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үйлерге аударылады.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органның қолдауымен аталған үйлерге 411 улы газды анықтайтын датчик қондырылды.
2023 жылдың есептік кезеңінде Астана қаласы аумағында тұрғын үйде 245 (2022-344) өрт тіркелді. Бұл барлық тіркелген өрттердің 61%-ын құрайды.

Тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері: электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылыту жүйелерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы