Бүгін Astana Hub-та GOWEB 2023 Web-Хакатонының финалы өтті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шараға 12-17 жас аралығындағы жас веб-әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер қатысты. Хакатонды El Umiti корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 450-ден астам қатысушы 4 номинация бойынша өз жұмыстарын жіберді:
12-14 жас – веб-әзірлеу;
12-14 жас – веб-дизайн;
15-17 жас – веб-әзірлеу;
15-17 жас – веб-дизайн.
Финалға Астана, Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаларынан келген 40 оқушы қатысты.
12-14 жас аралығындағы веб-әзірлеушілер «Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша, ал 15-17 жас аралығындағы қатысушылар «Қалдықсыз өмір» тақырыбында сайт жасады.
Веб-әзірлеу санаты бойынша:
1-орын - Тамерлан Нуралим (12-14 жас), Жарас Даулет (15-17 жас);
2-орын - Райымбек Таджигали (12-14 жас), Таир Дулатулы (15-17 жас);
3-орын - Ерасыл Маратбеков (12-14 жас), Руслан Сатыбалдиев (15-17 жас) үздік атанды.
Веб-дизайн санаты бойынша жеңімпаздар:
1-орын - Айнур Елмураткызы (12-14 жас), Анель Уруспаева (15-17 жас);
2-орын - Тагабай Расул (12-14 жас), Аружан Амангелді (15-17 жас);
3-орын - Дарья Софронова (12-14 жас), Константин Козлов (15-17 жас).
Үздік веб-әзірлеушілерге MacBook, ал үздік веб-дизайнерлер стилус пен iPad сыйлығы берілді.