Астанада үй жануарларын тегін вакцинациялау басталды

10 Сәуір 2024, 19:00
269
Бөлісу:
Астанада үй жануарларын тегін вакцинациялау басталды
Фото: pixabay.com

Елордада үй жануарларын құтыруға қарсы тегін вакцинациялау және гельминттерге қарсы емдеу жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары үй жануарларын құтыруға қарсы тегін вакцинациялап, гельминттерге қарсы ем жүргізе алады. 

Мақсат – үй жануарларын қорғау және ветеринарлық клиникаларға бару процесін жеңілдету. 

Ветеринарлар үйлеріне өздері барып, ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізеді. Ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК болып саналады. 

Айта кетейік, толық ақпарат алу үшін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 700 724 82 06 нөміріне хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы