Астанада 300 ш.м. алаңда болған өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ күштері 300 ш.м. алаңда болған өртті толығымен сөндірді.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, үш қабатты ғимараттың 3-ші қабатында сөрелер мен төбе жанған, жалын 2-ші қабаттың сатысына көшкен.
Өртті сөндіруге 19 техника және жеке құрамнан 90 адам жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.