Астанада үш баланы ұрып, тұншықтырған күдікті ұсталды

5 Ақпан 2024, 05:21
1685
Бөлісу:
Астанада үш баланы ұрып, тұншықтырған күдікті ұсталды
Фото: Арман Мухатов -архив

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде балаларға қол көтерді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасы 30 жастағы тұрғынды ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген Астана ПД таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам бір баланы бетінен ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін тұншықтырып жатқан бейнежазба таралған болатын. Желі қолданушылары оқиғаның елордадағы «Эдем палас 2» ТК-де орын алғанын айтқан.

Өзгелердің жаңалығы