Астанада үш ауысымды мектеп мәселесі қалай шешіледі

9 Қыркүйек 2023, 05:21
871
Бөлісу:
Астанада үш ауысымды мектеп мәселесі қалай шешіледі
Фото: Арман Мухатов

2026-2027 оқу жылына қарай елордада төрт мыңнан астам мұғалім қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен педагогикалық кадрлар қалай толықтырылып жатқаны туралы айтты

Бүгінгі таңда қалалық білім беру ұйымдарының тәрбие қызметінде 23 533 педагог қызмет етеді. Балалар санының өсуіне және «жайлы мектептердің» салынуына байланысты 2026-2027 оқу жылына қарай 4 мыңнан астам мұғалім қажет болады.

Бұл мәселені шешу үшін соңғы жылдары қала әкімдігі педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын берді. Биыл педагогикалық мамандықтарға 900-ден астам грант бөлінді. Соңғы 4 жылда 3000-ға жуық грант бөлінді, оның ішінде әкім гранты бойынша білім алған педагогикалық жоғары оқу орындарының 132 түлегі биыл елорда мектептерінде жұмысын бастады, - деді Есет Бәйкен.

Өзгелердің жаңалығы