Астанада Ұлттық ұлан әскери қызметшілері «Шарапат» орталығында экоакция өткізді

Әскери бөлімнің сарбаздары аумақты тазалады.

 Астана қаласының әкімдігі Бүгiн 2026, 17:51
Бүгiн 2026, 17:51
121
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясындағы ауқымды экоакциялар жалғасып жатыр. Игі бастамаға Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатысып, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағында тазалық жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайты.

6636 әскери бөлімінің сарбаздары тырма, күрек, қап алып, аумақты тазалауға кірісті.

Бүгін біз «Шарапат» орталығына келіп, көмек көрсетуді жөн көрдік. Шамамен 60 әскери қызметші келдік. Аумақты тазалап, жолдарды сыпырып, ретке келтіріп жатырмыз. Мұндай шараларға қатысу біз үшін қалыпты тәжірибе. Біз әрдайым қоғамға пайдалы болуға тырысамыз, – деді ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі бөлімше командирі Есенгелді Әбішев.

Қатысушылардың айтуынша, акцияның мәні тек тазалықпен шектелмейді.

Бұл – тек сенбілік емес, аға буынға деген құрметтің көрінісі. Қарияларға көмектесу, қоршаған ортаны таза ұстау – бәріміздің міндетіміз. Мұндай шаралар басымызды қосып, жауапкершілікті арттырады, – деді эколог Жадыра Нұртай.

Орталықтың қария тұрғындары әскери қызметшілерге алғыс білдіріп, олармен естелікке суретке түсті.

Қамқорлықтарыңызға рақмет. Біз үшін ұмыт қалмағанымызды сезіну өте маңызды, – деді орталықтың тұрғыны Раиса Гашенко.

Наверх