Астанада тұрғындарға күш көрсеткен күдіктілер ұсталды

15 Мамыр 2024, 14:53
329
Бөлісу:
Астанада тұрғындарға күш көрсеткен күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы полиция басқармасына түскен қала тұрғынының шағымы бойынша азаматтарға күш көрсетіп, ізін суытып іздеуде жүрген бұзақылар көпке бармай қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел әрекет жасаған аудандық полиция басқармасының тәртіп сақшылары бұзақыларды іздеу шарасын ұйымдастырып, оқиға болған жердегі бейне камераларды кері айналдырып қарап шыққан. Іздестіру кезінде бейнекамерадан күдікке ілінген үш азаматтың оқыс қылықтарын байқап, оларды анықтауға кіріскен. 

Іздеу шарасын үздіксіз жүргізген сақшылар нәтижесінде күдіктілердің жүріп тұрған жерлерін бақылап оларды қолға түсірген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жас жігіттер қала көшелерінде түнгі уақытта тыныш жүрген азаматтардың мазасын алып, себепсіз қоқан-лоқы көрсетіп оларға соққы жұмсағаны белгілі болған. 

Олардың айтуынша, спирттік ішімдікке масайып қалғандықтан қала көшесіндегі тұрғындармен себепсіз ерегесіп, күш жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта аталған күдіктілердің үстінен тиісті тергеу жұмыстары басталып, басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы