Астанада тұрғын үй басқармасы 1,2 млрд теңгеге жер сатып алмақ

14 Ақпан 2025, 11:55
285
Бөлісу:
Астанада тұрғын үй басқармасы 1,2 млрд теңгеге жер сатып алмақ
Фото: Арман Мухатов - Архив

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысы Әнуар Саипов мәслихат отырысында 1 млрд 260 миллион теңгеге қандай жер учаскелері сатып алынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Астана қаласы мәслихатының сессиясының қарауына 1 млрд 260 миллион теңге сомасында жалпы ауданы 15 га, 16 объекті бойынша 58 жер учаскелерді сатып алу жөнінде шарттың жобасын ұсынады, - деді ол.

Жер учаскелерін сатып алу мына құрылыс объектілері бойынша жүзеге асады:

1. Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы аудандағы көшелер;

2. Мектеп, А.Тоқпанов көшесі;

3. Балабақша, Ш.Қалдаяқов және С.Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы ауданында (жобалық атауы);

4. Археология институтының жаңа кешені А.Х. Марғұлан No 48, No 69, А106, А108 көшелер алаңындағы (жобалық атаулар);

5. Әкімшілік ғимарат, Ш.Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында;

6. Балабақша, Ақан сері мен СФЛ-2 көшелерінің қиылысы ауданында (жобалық атауы);

7. Сырдария көшесі, С.Сейфуллин көшесінен Ә.Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде;

8. Хусейн бин Талал көшесі, № 38 көшеден Абылай хан даңғылына дейінгі учаскеде;

9. Мектеп, Керегетас пен Г.Потанин көшелерінің қиылысына жақын жерде;

10. А.Тоқпанов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының арасындағы көшелер;

11. СФЛ-2 және СФЛ-5 көшелері (жобалық атаулары), Еңілік-Кебек көшесінен С189 көшесіне дейінгі учаскеде (жобалық атауы);

12. Мектеп, С 645 (жобалық атауы) және Еңілік-Кебек көшелерінің қиылысына жақын жерде;

13. А50 және А51 көшелері (жобалық атаулары), А.Байтұрсынұлы, Ж.Нәжімеденов, А50 және А51 көшелері алаңында;

14. Кіші айналма жол, V учаске (Ш. Бейсекова көшесі), Н.Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейін;

15. Кіші айналма жол (3,4 учаске), А.Пушкин көшесінен Конституция көшесіне дейін;

16. Әкімшілік ғимарат, Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бин Талал көшесінің қиылысына жақын.

Мәслихат депутаттары жобаны дауысқа салып, оң шешім шығарды.

Өзгелердің жаңалығы