Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада тұрғын үй ауласында атыс: 25 жастағы ер адам ұсталды

18 Тамыз 2025, 19:10
788
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында ер адам оқ атты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, құқық бұзушы ұсталды.

Оқиға Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Оқ атылған сәттегі видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеода ер адам тапаншасын шығарып, бірнеше рет оқ атқаны көрінеді. Соның ішінде бір оқ автокөлікке тиген.

Анықталғандай, 25 жастағы астаналық мас күйінде болған. Ол өзін-өзі қайта оқтайтын газ тапаншасын қолданған.

Мас болған 25 жастағы ер адамнан қару алынды, өзі уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары сотқа қарауға жіберілді, - деп хабарлады ПД.

Өзгелердің жаңалығы