Астанада Тұран және Ұлы Дала даңғылдарында қозғалыс шектеледі

16 Тамыз 2021, 20:19
2409
Бөлісу:
Астанада Тұран және Ұлы Дала даңғылдарында қозғалыс шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалыс жартылай тоқтатылады.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі №27 көшенің құрылысы» жобасын іске асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен асфальтбетон жабынын салу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс жұмыстарына байланысты биыл 17 тамызда сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Ұлы дала даңғылының қиылысында автокөлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланып отыр.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы