Астанада триатлоннан Ironman Kazakhstan жарысы өтіп жатыр

2 Шілде 2023, 15:19
817
Бөлісу:
Астанада триатлоннан Ironman Kazakhstan жарысы өтіп жатыр
Фото: gov.kz

Елордада 4-рет әлемдік деңгейдегі спорттық дода, триатлоннан ең беделді жарыс - Ironman Kazakhstan өтіп жатыр. Оған дүние жүзінің 60 елінен 1000-н астам спортшыны қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Демалысқа күні екеніне қарамастан таң атпай сайысты тамашалауға келген жанкүйерлермен амандасып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледім. Бұл күні отандық танымал спортшылар да өз күшін сынауға шешім қабылдаған екен. Кім мықтыны анықтайтын осынау сайысқа даңқты спортшылардың қатысуы және жарыстың мәртебесі Қазақстанда триатлонды ғана емес, салауатты өмір салтын да насихаттауға ықпал етеді. Бұқаралық спортты дамыту - біздің басты мақсатымыздың бірі, сондықтан министрлік елде мұндай турнирлерді өткізуді барынша қолдайды, - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Спортшылар екі санат бойынша тартысқа түседі. Бұл толық қашықтық: 3,86 шақырым жүзу, 180,25  шақырымдық веложарыс, 42,195 шақырым марафон жарысы мен Ironman 70.3 екі есе қысқа қашықтық. Толық қашықтықта алғашқы 50 орынды иеленген спортшылар Францияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады, ал Ironman 70.3 қорытындысы бойынша үздік 30 адам Финляндияда өткен әлем біріншілігіне жолдама алады.

Ironman Kazakhstan маңызды спорттық іс-шара ғана емес, Астананың басты туристік оқиғаларының біріне айналғаны анық. Былтыр жарысқа 5000 мың адам қатысқан. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өседі деп үміттенемін. Қорытындылай келе, бүкіләлемдік Триатлон корпорациясына (WTC) Қазақстанға осынау ауқымды оқиғаны ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы