Астанада техникалық қызмет көрсету станциясының бір қабатты ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық ТЖД мәліметінше, 9 ақпанда сағат 13:57-де өрт сөндірушілер өртті сөндіру үшін Айнакөл көшесі, 149 мекен-жайына барған.
Өрт сөндірушілер келгеннен соң, бес минуттан кейін шамамен 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жапсарлас салынған бір қабатты ТҚҚ ғимараты жанып жатқаны анықтады, - деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.