Астанада тағы бір тұрғын үй кешені бұзылады

14 Қараша 2023, 05:22
591
Бөлісу:
Астанада тағы бір тұрғын үй кешені бұзылады
Фото: gov.kz

Астанада рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүргізілген "Көктөбе" тұрғын үй кешені бұзылады. Тұрғын үй кешені Алматы ауданындағы Шәмші Қалдаяқов пен Кенен Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, Global Millennium ЖШС құрылыс салушысы қадалар жүргізіп, шұңқырын қазған, сол сияқты іргетасын құйып, 1 қабатын тұрғызған.

Құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және нысанның құрылысын өз бетінше басталған. Құрылыс салушы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 316-бап (тиісті жобалау-сметалық құжаттамасыз), 319-бап (жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй нысандарын заңсыз салу), 321-баптың 1-бөлігі (техникалық және авторлық қадағалауларсыз құрылысты жүзеге асыру), 463-баптың 1-бөлігі (рұқсатсыз іс-қимылдарды жүзеге асыру) бойынша ӘҚБтК ұйғарым бере отырып, жауапқа тартылды, - деді Астана әкімдігі

DBK-Engineering ЖШС бас мердігеріне қатысты ҚР кодексінің 313-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама (осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструктивтік элементтердің беріктігін, тұрақтылығын жоғалтуға әкеп соққан іс-әрекеттер жасау ретінде) жасалды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот елорданың қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасының талабын қолдады және құрылыс салушыны тұрғын үй кешенін бұзуға міндеттеді.

Өзгелердің жаңалығы