Астанада тағы бір көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

29 Мамыр 2023, 10:31
562
Бөлісу:
Астанада тағы бір көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Мәскеу көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәскеу көшесінде орташа жөндеу жүргізуде.

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

Орташа жөндеу жұмысы Мәскеу көшесінде Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі. Осыған байланысты биыл 28 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы