Астанада Сығанақ көшесі ішінара жабылады

24 Тамыз 2024, 20:15
381
Бөлісу:
Астанада Сығанақ көшесі ішінара жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сығанақ көшесінің сол жақ жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 24-26 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы