Астанада супермаркеттегі сақтау камерасынан сөмке ұрланды

29 Қыркүйек 2022, 22:46
862
Бөлісу:
Астанада супермаркеттегі сақтау камерасынан сөмке ұрланды

Әйел сауда залында сауда жасап жатқан кезінде, қаскүнем ұяшықты ашып, сөмкені ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәбірленушінің айтуынша, сөмкеде шамамен 100 мың теңге, алтын зергерлік бұйымдар, құжаттар мен кілттер болған. Жалпы материалдық шығын 450 мың теңгені құрады. 

Бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы полицейлер ұрлық жасады деген күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Ақмола облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Осы факті бойынша "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, - деп хабарлады Астана қ. ПД Баспасөз қызметі

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы