Астанада су жетпейді – сенатор ұсыныс айтты

11 Мамыр 2023, 12:08
956
Бөлісу:
Астанада су жетпейді – сенатор ұсыныс айтты
Фото: Артём Чурсинов

Елімізде 2040 жылға қарай 50% су тапшылығы болуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатор Бибігүл Жексенбай ҚР Премьер-министріне бағытталған өз депутаттық сауалында елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта елордада су тапшылығы тәулігіне 30 мың текше метрді құрайды. Сенатордың айтуынша, әсіресе сол жағалауда үй құрылысының қарқынды салынуы оның басты себебі болып отыр. Шыңжаңдағы Қарайым өнеркәсіп орталығына Ертіс өзені суының берілуі де қосымша себеп болуда. Осылайша, Ертіс-Қарағанды арнасынан Астанаға келетін су көлемі де азайып барады.

Сәтпаев каналы арқылы Ертістің суын елордаға бұру бойынша жобадан басқа да балама бағыттарды қарастыру керек. Суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, халықаралық құқыққа негізделген трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін қолға алу керек. Су ресурстарын кешенді басқару саласындағы мамандардың білім деңгейін арттыру және білім беру жүйесінің әдістемесін жаңарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет, - деді сенатор.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенатта «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы