Астанада шатырдан қар мен мұз түсу қаупі бар

15 Қаңтар 2023, 11:11
1206
Бөлісу:
Астанада шатырдан қар мен мұз түсу қаупі бар
Фото: www.goodfon.ru

Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті қардың көп мөлшерде жаууына байланысты ғимараттар шатырынан қардың және мұздың құлау қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сол себепті сақ болып, мүмкіндігінше ғимаратқа жақын жүрмеу қажет. Ғимараттан шыққан кезде құлауы мүмкін жерлерді айналып өту керек. Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аудару қажет.

Егер сіз жаяу жүргіншілер жолында келе жатып, келеңсіз дыбыс естіген болсаңыз, жоғары қарап тұрмай, тез арада қауіпсіз тұсқа жүгіруіңіз керек.

Мүмкіндігінше ғимараттар мен құрылыстардың жанына көлік қоймаған жөн, онда мұздар мен қардың құлау қаупі бар.

Ғимараттардың шатырын қардан тазалаған кезде міндетті түрде қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс, сол сияқты жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерде жүруге тыйым салынатын белгілер қойып, қоршалуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы