Астанада «Шәмші Әлемі» концерт-спектаклі өтеді

24 Қараша 2023, 19:32
572
Бөлісу:
Астанада «Шәмші Әлемі» концерт-спектаклі өтеді

Елордада  2 желтоқсанды «Әлем» концерт-спектаклі өтеді. Музыкалық кеш барысында көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаның авторы – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы Мұхтар Қалдаяқов. 

Халық композиторы жазған әндерді «Астана Операның» жетекші солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жеңімпаздары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Салтанат Ахметова, Бибігүл Жанұзақ, Медет Шотабаев, Абай атындағы ҚазҰТЗУ солистері, сол сияқты халықаралық вокалдық конкурстардың лауреаттары Балуан Беркенов, Тахауи Рахметов, Фархад Кубиев, Дархан Жолдыбаев, Мадина Ерланова, республикалық және халықаралық вокалдық конкурстардың лауреаттары Бақтығүл Бисембаева, Сафия Кәрімова және т.б. орындайды.

Композитордың өмірбаянына негізделген концерттің премьерасы эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. 

Көрермендер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен жұрт біле бермейтін оқиғаларды біліп, «Қазақстан» ТРК» алтын қорынан» әндерінің сирек кездесетін аранжировкаларын тыңдайды. Сондай-ақ, кеш бағдарламасында еліміздің ең үздік ұжымдарының бірі Vivat Балет шоуының орындауындағы би нөмірлері бар.

Өзгелердің жаңалығы