Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты аяқталды

6 Тамыз 2024, 21:11
442
Бөлісу:
Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты аяқталды
Фото: Шахмат федерациясы

Астанада ФИДЕ мен KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы Freedom Holding Corp. компаниясының бас серіктестігімен және Туризм және спорт министрлігі мен елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған Рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаттары тартысты ойынмен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдік клубтық біріншілікте ғаламшардың 315 үздік шахматшысы бас қосты, айталық іс-шараға әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары және ерлер мен әйелдер рейтингінің бірінші нөмір иелері Магнус Карлсен мен Хоу Ифань, қазіргі әлем чемпиондары Цзюй Вэньцзюнь мен Дин Лижэнь және басқа да атақты қазақстандық және шетелдік шахматшылары қатысты. 

Командалар (39 – рапид, 40 – блиц) демеушілеріне өкілдік еткен интернационал ұжымдардан тұрды немесе оларды өз серіктестерінің қолдауымен ұлттық федерациялар құрды. 

Рапидте де, блицте де «бір команда екінші командаға қарсы» форматтағы матчтар алты тақтада ойналды, осы орайда оған міндетті түрде бір әйел және рейтингі 2 мыңнан төмен бір әуесқой ойыншы қатысты.

Өзгелердің жаңалығы