Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін 5-ші партия ойналды

16 Сәуір 2023, 11:55
1285
Бөлісу:
Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін 5-ші партия ойналды
Фото: kazchess.kz

Бұл жолы Ян Непомнящий қытайлық қарсыласы Дин Лиженнен басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5-ші партиядағы ойын басында жылдам басталғанымен, кейін позициялық тартысқа көшті. Қарсыластар әр жүрісін жіті қадағалап, көп уақыт жұмсай бастады. Алайда 37-ші жүрісте Ян Непомнящий пешкасын құрбандыққа шалып, Динді қақпанға түсіреді. Сөйтіп 48-ші жүрісте қара фигулардың жағдайы тіпті қиындап, қытайлық Дин Лижен жеңілісті мойындады.

Осылайша ойынды ақ фигуралармен бастаған Ян Непомнящий Дин Лиженді жеңіп, жалпы есепте 3:2 есебімен алға шықты. Енді ол 6-шы партияны қара фигуралармен бастайды.

Еске сала кетейік, Астанада 7 сәуірден бері шахматтан әлем чемпионы атағы үшін жарыс басталған еді.

Өзгелердің жаңалығы