Астанада шахматтан әлем чемпионы анықталады

1 Сәуір 2023, 18:00
1327
Бөлісу:
Астанада шахматтан әлем чемпионы анықталады
Фото: Спортты дамыту федерациясы

Астана үшін сәуір шахмат айына айналады. Еліміздің бас қаласында 1 сәуір мен 7 мамыр аралығында ФИДЕ-нің 2023 жылғы әлем чемпионаты өтіп, әлемнің үздік шахматшысы анықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ  Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы әлем чемпионы атағын ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лирен сарапқа салмақ. Бұл финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады.

Бұл былтыр 31 ақпанда сол кездегі әлем чемпионы Магнус Карлсен әлем рейтингінде 3-орында тұрған Ян Непомнящиймен ойнап, атағын қорғаудан бас тартқан соң басталды. Осыдан кейін норвегиялық шахматшының орнын үміткерлер арасындағы турнирде 2-орын алған Дин Лирен басты. Осылайша, чемпионсыз өтетін турнир бір-бірімен деңгейлес ойыншылардың айқасымен көпшілікті қызықтырып отыр, - деп жазды спортты дамыту федерациясы.

Екі шахматшы былтыр жазда Мадрид қаласындағы беделді турнирге қатысқан. Непомнящий 14 балдың 9,5-ін жинап, жақсы нәтиже көрсетсе, Динг 8 ұпайға қол жеткізді.

Кімдер комментатор болады? Шахмат әлеміндегі айтулы бәсекеге ФИДЕ мықты комментаторлар қосынын алдырып отыр. Бұл қатарда әйелдер арасында АҚШ-тың 8 дүркін чемпионы Ирина Крушті айтуға болады. Оған алғашқы 4 ойында 5 дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд қосылып, жұмыс істейді. Ал 5-кездесуден бастап Ирина белгілі гроссмейстер Даниил Дубовпен бірге жанкүйерлерге екі үздіктің ойынын тәпсірлеп береді.

Айта кетейік, Ян Непомнящий мен Дин Лирен арасындағы барлық 14 ойын St. Regis Astana қонақ үйінде елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады. Әр 2 турдан кейін демалысқа бір күн беріледі.

Ереже бойынша ойын кезінде алғашқы 40 жүріске 120 минут бөлінеді. Сосын, қалған 40 жүріске бір сағат берілмек. Ал 61-жүрістен бастап әр ойыншының еншісінде 30 минут қалады. Бұл аралықта олардың тасын қимылдатуға 30 секунд уақыты болады. Тең түскен жағдайда жеңімпаз жылдам шахмат арқылы анықталып отырады, - делінген ақпаратта.

 

Өзгелердің жаңалығы