Астанада «Сергек» камерасы тағы 6 жерге орнатылмақ

21 Ақпан 2023, 13:31
1163
Бөлісу:
Астанада «Сергек» камерасы тағы 6 жерге орнатылмақ
Фото: vlast.kz

Былтыр 63 жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережесін бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті Сарыарқа аудандық басқармасының ұйымдастыруымен өткен брифингте айтылды.  

Астана қаласында Алаш тасжолы, 72 мекенжайы бойынша бір ресми қоқыс үйіндісі бар, ол жоба аясында «Астана -Эко-Полигон НС» МКМ жұмыс істейді. Құрылыс қалдықтарын полигонға түсіру кұны 3863 теңгені, тұрмыстық қалдықтар бойынша 1 тоннасына 4787 теңгені құрайды, - деді Сарыарқа ауданы Табиғатты қорғау полиция бөлімінің бастығы Дильшад Тойшыбаев. 

Алайда полигондардың қаладан шалғай болуы мен жоғары тарифтің салдарынан көлік жүргізушілеріне қоқыстарды рұқсат етілген орындарға апару тиімсіз. Тойшыбаевтың айтуынша, бұл белгіленбеген жерлерде полигондардың пайда болуына әкеп соғады. 

Біз қоқыс шығаруға бейім 4 орын анықтадық. Олар: ТЖ аумағында Көктал көшесі, «Көктал-2» тұрғын үй ауданы, қарттар үйі аумағында Аққорған көшесі, «Көктал-1» тұрғын үй ауданы, Тілендиев даңғылы, Еткомбинат аумағы. Бұл орындарға қоқыс төгуге болмайды. Сондықтан 2023 жылы «Сарыарқа» ауданының әкімдігімен бірлесіп, осы 4 орынға және С 307, С 308 көшелеріне «Сергек» камерасы орнатылмақ, - деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы