Астанада сатушы жұмыс орнынан бірнеше телефон ұрлаған

18 Қазан 2023, 02:38
535
Бөлісу:
Астанада сатушы жұмыс орнынан бірнеше телефон ұрлаған
Фото: архив

Астаналық полицейлер жалпы құны 2 миллион теңгеден асатын ірі электроника ұрлығына қатысты деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында жас жігіттің электронды құрылғылар сататын дүкенде жұмыс істегені белгілі болды. Ол бірнеше күн ішінде дүкеннен 7 дана телефон жымқырып, белгісіз біреулерге сатып жіберген. Оның витринадан екі телефон алып жатқан сәті бейнежазбаға түсіп қалғаннан кейін күдікке ілініп, құрықталды.

Қазіргі уақытта жас жігіт кінәсін мойындап, заттай айғақтар жартылай тәркіленді. Осы жылы бұл жігіттің дәл осындай қылмысы үшін жауапқа тартылғаны да белгілі болды. Қазіргі уақытта оның елордада бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы