Астанада сарбаздар жоғалған қызды әкесіне тауып берді

11 Қыркүйек 2022, 19:38
1287
Бөлісу:
Астанада сарбаздар жоғалған қызды әкесіне тауып берді

Елордада ұландықтар жоғалған қызды тауып, әкесіне табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 10 қыркүйек күні сағат 21.15 шамасында Есіл ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау кезінде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жалғыз жүрген қызды байқаған.

Әскери жасақ бастығы Нұрлыбек Абаев қарамағындағы жауынгерлер Бауыржан Тынышбек және Асылжан Шарапатовпен бірге бүлшіршінге жақындап, жанында ересек ешкім жоғын білді.

Дереу патрульдік топтың бастығына баяндап, баланың киім және сырт келбеті мен жүрген бағдарын байланыс желісі арқылы өзге де жасақтарға хабарлайды.

Сол ауданға іздеу шараларын ұйымдастырған ұландықтар, айналаны барлап жүріп, жылдам қадам басқан азаматқа назар аударады. Сол сәтте кішкентай қыз да әкесін таныды.

Туыстығына әбден көз жеткізген жауынгерлер балақайды әкесіне тапсырды. Ер адам өз кезегінде әскери қызметшілерге қырағылық пен жауапкершілік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы