Астанада Республика даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылды

31 Шілде 2023, 19:19
808
Бөлісу:
Астанада Республика даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: Елорда әкімдігі

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр,деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 30 шілдесінен 20 тамызына дейін Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы