Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Аталған мәдени бағдарлама Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі Кеше 2026, 23:23
Кеше 2026, 23:23
97
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің ашылуы аясында Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық және шығармашылық өкілдері қатысты.

Гала-концертте Софья Онопченко, башқұрттың «Ay Yola» фолк-тобы, сахалық әнші Олена Уутай және өзге де өнерпаздар хореографиялық, вокалдық және аспаптық туындыларын ұсынды. Сондай-ақ Мәскеудің «Гжель» би театры, Дағыстанның «Лезгинка» ансамблі және Қалмақияның «Ойраты» би театры өнер көрсетті.

Мәдениет күндері аясында бұдан бөлек Ұлттық музейде екіжақты мәдени ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтіп, жаңа бірлескен жобалар талқыланды. Сондай-ақ Астанада Ресей киносы фестивалі басталып, көрсетілімдер 26 сәуірге дейін жалғасады.

Аталған мәдени бағдарлама Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Наверх