Астанада қызылшаны ересектер жиі жұқтыра бастаған

26 Қаңтар 2024, 16:19
1188
Бөлісу:
Астанада қызылшаны ересектер жиі жұқтыра бастаған
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маманның айтуынша, осы аптада күніне 48-ге жуық адам қызылша жұқтырған.

Қаңтардан бері Астанада қызылшаның 1 029 бастапқы және 321 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 227 жұқтыру жағдайы бар. Науқастардың 68%-дан астамы – бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар, бұл инфекцияның елордада таралуына әкелді, - деді ол Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Спикердің мәлімдеуінше, соңғы аптада қызылша ауруы алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,1 есе өскен.

Өткен жаңа жылдық мереке кезінде әлеуметтік қарым-қатынастың артуына байланысты ересектер арасында қызылша жұқтырудың 49-дан 71 жағдайға дейін өсуі байқалады. Ал 1 жасқа дейінгі және 3 жастағы балалар арасындағы сырқаттану керісінше желтоқсан айымен салыстырғанда төмендеген. Мысалы 1 жасқа дейінгі науқас балалардың үлес салмағы 14%-дан 8%-ға дейін және 3 жастағы балалар үлесі – 22%-дан 16%-ға дейін төмендеді. Оған қосымша жаппай иммундау көмектесті. Яғни вакциналау тиімділігін жоққа шығару мүмкін емес, - дейді Сархат Бейсенова.

Өзгелердің жаңалығы