Астанада қызбен танысуға келген жігіт кофесіне есірткі салып жіберген

16 Тамыз 2023, 10:18
4471
Бөлісу:
Астанада қызбен танысуға келген жігіт кофесіне есірткі салып жіберген
Фото: Арман Мухатов - архив

Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияға жас қыз арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан.

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған. Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы