Астанада құрылыс алаңында кран құлады

19 Сәуір 2023, 16:02
990
Бөлісу:
Астанада құрылыс алаңында кран құлады
VIDEO
Фото: gov.kz

Бүгін Астанада құрылыс алаңында кран қақ бөлініп, құлап кетті, деп жазады BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметі апатқа шамадан тыс жүктеме себеп болған болуы мүмкін дейді.

2023 жылғы 19 сәуірде сағат 9:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кран иесі – "ИП Капитал"), – делінген департамент хабарламасында.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Департамент жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аталған апатты жағдайды тергеу комиссиясын құратыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы