Астана қаласының Байқоңыр ауданында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ құтқарушылары қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағындағы тілсіз жаумен арпалысып жатыр.
Өрттің алдын ала аумағы – 500 шаршы метр.
Қазіргі уақытта ашық жанып жатқан учаске жоқ. Жергілікті жерде өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта отқа су құйылып, арнайы техникамен топырақ себіліп жатыр, - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.