Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Өртті жоюға ТЖД және ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды.