Астанада қоғамдық көліктердің біршамасы жаңартылады

26 Шілде 2023, 11:38
663
Бөлісу:
Астанада қоғамдық көліктердің біршамасы жаңартылады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында №1 Автобус паркi АҚ басқарма төрағасы Медет Шакаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының №1 Автобус паркі елорданың бүкіл маршруттық желісінің шамамен 70 пайызын қамтиды. Оның ішінде 8 қалалық маршрутқа және 28 қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсетеді. Кәсісіпорында жалпы саны 1472 қызметкер жұмыс істесе, оның 1013-і жүргізушілерді құрайды.

Елорда күн сайын дамып келе жатыр. Жаңа аудандар мен тұрғын үй кешендері салынып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласында 400 автобус тапшылығы байқалып отыр. Біздің кәсіпорын бойынша 2014-2017 жылдары автобустар алынған. Ең соңғы 100 электробус 2019 жылы сатып алынды. Соңғы 4 жылда автопарк жаңа автобустарды алған жоқ. Астана қаласы тасымалдау ережесі бойынша қоғамдық көліктер қызмет көрсетуі 14 жылдан аспауы керек. Маршруттық желіні жаңғырту шеңберінде Мемлекет басшысының, Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша биыл кәсіпорынға Youtong маркалы 320 автобус сатып алу жоспарда бар. Оның ішінде  18 метрлік 20 электр автобусы және 18 метрлік 40 дизельді автобус. Сондай-ақ, жеке тасымалдаушылар 80 автобус сатып алуды жоспарлап отыр ,- дейді Медет Шакаев.

Айта кетейік, 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алынады.

Өзгелердің жаңалығы