Астанада қазақ-швейцар саяси консультациялары өтті

7 Қазан 2024, 21:45
331
Бөлісу:
Астанада қазақ-швейцар саяси консультациялары өтті
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың 6-шы раунды өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің дипломаттары Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ 2025 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлар кестесі қаралды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында өткен екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуінің маңыздылығын атап өтіп, тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ екіжақты құқықтық базаны, оның ішінде Қазақстан мен Швейцарияның салалық ведомстволары арасында ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Өзгелердің жаңалығы