Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада қайырымдылық марафонынан түскен қаражатқа спорт алаңы салынды

13 Тамыз 2025, 18:45
472
Бөлісу:
 Қазақстан халқы Ассамблеясы
Фото: Қазақстан халқы Ассамблеясы

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды. Ол "Бірлік жүгірісі" қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 13 тамызда "Жерұйық" саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, республикалық "Жомарт Жан" орталығының басшысы Евгений Больгерт, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғамдық белсенділер қатысты.

Астанада қайырымдылық марафонынан түскен қаражатқа спорт алаңы салынды

Алаң Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және оның 30 жылдығына орай 2025 жылғы 1 мамырда өткен "Бірлік жүгірісі" қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды. Жоба ҚХА-ның "Жеңіс – бірлікте" спорттық платформасы аясында жүзеге асырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жалпыұлттық қозғалыстың маңызды бөлігіне айналды.

Астанада қайырымдылық марафонынан түскен қаражатқа спорт алаңы салынды

Астанадағы алғашқы спорт алаңының ашылуы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын ізгі дәстүрдің бастауына айналды. Бұл жоба шынайы маңызды өзгерістердің ынтымақ пен бірлескен күш-жігерден басталатынын дәлелдеді.

Өзгелердің жаңалығы