Астанада қай аудандарда мектеп жетіспейді

16 Тамыз 2023, 12:30
879
Бөлісу:
Астанада қай аудандарда мектеп жетіспейді
Фото: BAQ.KZ - архив

Астанада қай аудандарда мектеп жетіспейтіні белгілі болды. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада мектеп жетіспеушілігі бар екенін бәріміз білеміз. Қазіргі таңда мектептерде 26 мыңнан астам орынға тапшылық бар. Басым көпшілігі Есіл және Нұра аудандарында. Биыл 11 мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Соның үшеуі оқу жылының басына дейін қолданысқа беріледі, - деді ол.

Ал қалған 8 мектеп жылдың аяғына дейін тапсырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 90 мың орынға 24 мектеп салып жатырмыз. Сол кезде осы орын тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі. Есіл мен Нұра аудандарында жетіспеушілік қатты сезілетіндіктен, осы аудандарда 15 жайлы мектеп салынады. Оның 6-уы Есіл ауданында, қалғаны Нұра ауданында, - деп түсіндірді Қасымхан Сенғазыев брифингте.

Өзгелердің жаңалығы