Астанада қар күреуге екі мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды

14 Қараша 2022, 14:41
748
Бөлісу:
Астанада қар күреуге екі мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды

Қар мол жауғалы бері қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүйсенбі, яғни 14 қарашада қар күреу жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

13 қарашадан 14-іне қараған түні елордадан арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылды, бұл 276 рейсті құрады.

Қыс мезгілінің басынан бері барлығы 2 815 ауыр жүк көлігі қала көшелерінен қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарды.

Бүгін елорданы қар мен мұздан тазартуға 2 300 жол жұмысшысы және 1 мыңға жуық арнайы техника шықты.

Өзгелердің жаңалығы